бұйрығына 5- қосымша
|
|
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына 3-қосымша
|
нысан
Конкурс туралы хабарландыру
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары, лот №)
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды
_________________________________________________________________
(сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың атауы)
Қызмет: __________________________________________________________________
(қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесі және олардың саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі) көрсетіледі.
Қызметті көрсету мерзімі _________________________________________
Немесе:
Тауар__________________________________________________________
(тауарларды жеткізудің орны, сатып алынатын тауарлардың тізбесі, тауарларды сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі) жеткізіледі.
Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі _________________.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы__________ (уақыты мен күнін көрсету).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі _______ (уақыты мен күнін көрсету керек) дейін.