Текст
03.01.2021
"Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 01.12.20 12.2020 жыл аралығында Қойгелді орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сақтаев Расул демалды. Ұстаздарының еңбегін ақтап, әр-түрлі іс-шараларға, спорттық ойындарға,интелектуалды сайыстарға қатысып өз өнерін көрсете білді.
08.12.2020
1-желтоқсан « Тұңғыш президент» күніне орай өткізілген 6-7сынып оқушыларының сынып сағаты. Өткізген: Абдикаримова Дина және Оралбай Әлия
08.12.2020
Тұңғыш президент күні. БІЗДІҢ БҰЛ ДҮНИЕДЕ БІР ҒАНА ОТАНЫМЫЗ БАР, ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАН! Тақырыбында 11сыныпта сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Турдиева Роза А.
08.12.2020
Бастауыш сынып аралығында "Менің Тұңғыш Президентім!"тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
24.11.2020
«Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп барлық ел құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Батады ел озарын білген қазақпыз ғой. Үлкендерге құрмет көрсету жастайынан бойына сіңген текті елдің ұрпағымыз. 1-қазаң «Қарттар күні» мерекесінде барлық ауыл қарттарына құрмет көрсетіп, ақылын тыңдап, батасын алуға Қойгелді орта мектебі ұжымы атынан мектеп директоры міндетін атқарушы Хавдеш Фариза, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Ерменхан Күмісжан , тәлімгер Әділ Дулатұлы барып қайтты. Қазыналы қарттарымыз ақ тілектері мен алғыстарын аямайды. Өткеннен үлгі алып, келешекке қарыштап қадам басайық, еліміздің тұғыры биік болсын!!!
24.11.2020
Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім!!! Академик, министр бол тіпті сен, Кім болсаң да, мектеп көрдің кеше сен. Кім болсаң да қарайлап жүр ұстазға, Алааяқтар алдын орап кетпесін. Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары, Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі. Мектеп көрген әдептілер айтпақшы, Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары. Орындалып, айталық бір ойдағы іс, Отырармыз кезде есте болар бір нәрсе, Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз. Ақыл.Сана.Сабыр. Талас-тартысу, Мұғалімнің табиғаты жалпы осы. Бос уақыты ойдан басқа ойы жоқ, Бос уақыты әрбір түннің жартысы. Қай баласың? Кім боласың шырағым? Кешірерсің ерсі естілсе сұрағым. Кім болсаңда кідіре тұр кішкене, Кідіре тұр, өтіп кетсін мұғалім. Ал мұғалім барса алдыңда дұрысы Жүрегіңмен сездер-дағы ұлы ісін, Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп, Тастай қылып тындырып бер жұмысын ...Кім боласың? Ұмытылмаңыз жоғары, Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі! Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба? Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!!! Мерекелерінізбен мұғалімдер!!!
24.11.2020
Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстазға арналған мерекенің адамзаттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа екендігін айтып өту керек. Ұстаздар мейрамы қарсаңында Аршалы ауданы әкімі Талғат Қойбағарұлының Алғыс хатымен Қойгелді орта мектебінің ұстаздары да марапатталады. Елеуова Кантчан Карауловна және Отарбай Әділ Дулатұлы марапатқа ие болып, елеулі еңбектің нәтижесін көрді. Әрине, ұжымдағы жемісті жұмыстың да ықпалы зор деп білеміз. Келешектің кемел болуы, ұстаздар қауымына тікелей байланысты. Мерейлі мереке құтты болсын!
24.11.2020
Білім ошағы мектепке әрдайым қолдау көрсететін азамат, азаматшаларды біз міндетті түрде ескеріп, алғыс білдіреміз. Солардың бірі Китайбеков Бейбіт Еркінұлы және Китайбекова Алма Хамидолловна шаңырағына үлкен алғыс айтамыз. Мектебімізге «Ультракүлгін» кварцтау лампаларын сыйлап, балалардың штаттық режимде еш уайымсыз оқуына ықпал етуге атсалысты. Мектепке еткен қолдау болашақта елдің еңселі азаматтары атанар шәкірттерімізге үлкен демеу болады. Осы сауапты істі үзбей келе жатқан мектеп жанашырларына ұжым атынан, оқушылар атынан зор алғыс білдіреміз! Елім дейтін ер болмаса, Ерім дейтін ел қайда?!,- дегендей бұл істеріңіз көпке гүл.
24.11.2020
Қойгелді орта мектебінде 9 сынып оқушыларына сынып жетекшісі Ерубаева Асель "Өз құқығынды білесің бе?" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
24.11.2020
.Қойгелді орта мектебінде 7-6 сынып оқушыларна "Өз құқығынды білесің бе?" тақырыбында оқушылардан сауалнама алыңды. Сауалнаманы Абдикаримова Дина Базарбаевна және Оралбаева Алия жүргізді.