Бүгін мектебімізде “Қазіргі жастар салт-дәстүрді сақтайды” тақырыбында пікірсайыс сайысы өтті. Бұл додада оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қазақ халқының бай мұрасы — салт-дәстүрдің қоғамдағы орнын талқылады. Әр команда дәстүрлердің бүгінгі күнмен байланысын дәлелдеп, жастардың рухани құндылықтарға көзқарасын көрсетті. Пікірсайыс барысында: • Терең ойлар мен нақты дәлелдер айтылды; • Сөз мәдениеті мен шешендік қабілет байқалды; • Ұлттық рух пен заманауи көзқарас үндестік тапты.