"ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ"
03.10.2026
ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ - ҰРПАҚҚА
ӨНЕГЕ
Қарттар күніне орай Койгелді ауылының
ЖОББ мектебінде ауылымыздың, ардақты қарияларына арналған мерекелік концерт
ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды.
Мерекелік шараны мектеп директоры
Мусинов Тахир Хасимович ашып,
қарттарымызды айтулы мерекемен
құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр
және отбасыларына амандық тіледі.
Шараға арнайы қатыскан әкім Тыныштық
Ұзақбаевна да ақсақалдар мен әжелерге
жылы лебізін білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.
Оқушылар қарттарға арнап ән айтып, би
билеп, өз өнерлерін ортаға салып, көтерінкі көніл-күй сыйлады. Концерттен кейін қонақтарға ас беріліп, дастархан басында
жылы әнгіме өрбіді. Қарияларымыз ақ баталарын беріп, мектеп ұжымына
ризашылықтарын білдірді.
Просмотров: 25